• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Сенаторлар ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты заң жобасын қарады

12 қыркүйек, 02:3525
Автор: Elorda Aqparat
Фото Эльвира Жүргенбаеваның Facebook парақшасынан Фото Эльвира Жүргенбаеваның Facebook парақшасынан

Сенаторлар ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты заң жобасын қарады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева Facebook желісінде жариялады, деп хабарлады Елорда Инфо.

"Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды", – деп жазды Эльвира Жүргенбаева Facebook-тағы парақшасында.

Оның мәліметінше, осы заң жобасы қабылданса, қолда бар ғылыми байланысты нығайтуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасынан ғалымдардың, инженерлердің, студенттер мен техникалық мамандардың Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымның ғылыми-зерттеу жобаларына ұзақ мерзімді негізде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін база жасалады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх