• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

SCAT әуе компаниясының ұшағы елорда әуежайына апатты жағдайда қонды

20 тамыз, 19:41119
Автор: Elorda Aqparat
фото: Азаматтық авиация комитеті фото: Азаматтық авиация комитеті

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына Сания (Қытай)-Нұр-Сұлтан бағдары бойынша ұшқан B757 әуе кемесі апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«Бүгін Scat әуе компаниясының Сания (Қытай)-Нұр-Сұлтан бағдары бойынша VSV464 рейсін орындауға ұшқан B757 әуе кемесі сағат 16.58 уақытында шұғыл қонды. Сания әуежайының диспетчерлік қызметінің алдын ала берген ақпаратына сәйкес, резеңкенің қалдықтары анықталған. Әуе кемесіне белгісіз зат соғылып, шассидің сол жақ негізгі тағанын тірейтін артқы дөңгелектің жоғарғы қабаты тілінген. Ұшақ жерге қауіпсіз қонды. Экипаж құрамында 7 адам, жолаушылардың саны 234 болған. Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен жағдайларды тергеу бойынша басқарманың комиссиясы тергеу жүргізіп жатыр», - делінген комитет таратқан ақпаратта.

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх