• USD 385
  • EUR 434

Сайлау-2019

Сайлау кезінде оқыс оқиға тіркелген жоқ – ҚР ІІМ

09 маусым, 21:25145
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Орталық сайлау комиссиясында бүгінгі сайлаудың қауіпсіз өтуі процесіне арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Еліміздің ішкі істер органдары сайлау процесі кезінде қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздікті толығымен қамтамасыз етті. Қоғамдық тәртіпті сақтауға еліміз бойынша шашамен 19 мыңға жуық полиция қызметкері тартылды. Қазіргі уақытта барлық сайлау учаскелері жабылды. Хаттамалар мен бюллетеньдерді орталық сайлау комиссияларына жеткізу кезінде олардың сақталуы қамтамасыз етіледі. Жалпы дауыс беру қалыпты және тыныш жағдайда өтті. Барлық 9903 дауыс беру бөлімшесінде бірде-бір оқыс оқиға тіркелген жоқ», - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев ОСК-да.

Дегенмен бірінші вице-министр Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында азаматтардың заңсыз көшеге шыққанын айтып өтті.

«Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында заңсыз акцияларға қатысқан 500-дей адам ішкі істер органдарына жеткізілді. Мысалы, елордадағы Жастар сарайы ауданында бір топ адам Республика даңғылында көлік қозғалысын жаппақ болды. Арандатушылар  мен белсенділердің әрекеттері жақын уақытта заңды баға беріледі. Полицейлердің әрекеттеріне келсек, барлығы да заңға сәйкес жүргізілді. Құқық бұзушыларды ұстау кезінде арнайы құралдар қолданылған жоқ», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх