• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Саябақта қымбат кофе-машинаны ұрламақ болған жігіт ұсталды 

10 шiлде, 09:2798
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

«Ғашықтар» саябағында кофе-машина ұрламақ болған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елордада түнгі уақытта «Ғашықтар» саябағын патрульдеу кезінде Есіл аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары 39 жасар қала тұрғынын ұстады. 

«Қолға түскен азамат күндіз Тұран даңғылының бойында орналасқан кофе сататын дүңгіршектің шынысын сындырып, қымбат кофе-машинаны ұрламақ болып жатқан жерінде қолға түсті. Күдікті өз қылмысын мойындады», - делінген департаменттің хабарламасында.

Оның бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх