• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Сауда стандартын қайта қараудың артықшылығы көп – министр

09 қыркүйек, 17:5146
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов отандық сауда және импортқа қатысты министрлікте атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Біз шетелдік баламасына қарағанда сапасы нашар және қымбат өнімді сатып ала алмаймыз. Себебі бізде отандық экономиканы дамыту жөніндегі жоспар бар. Ол туралы Президент сайлауалды бағдарламасында және жуырда жариялаған Жолдауында да атап өтті», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, сауда стандартын қайта қарау біздің өніміміздің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға және қазақстандық таурларды сыртқы нарықтарға еркін шығаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Егер біздің жиһаздың стандарты еуропа стандартына сәйкес келетін болса онда осы қазақстандық орындық, үстел немесе кресло еуропа елдерінің нарығына қолжеткізетін болады. Яғни сапасы бойынша олар бірегей әрі тек бағасы бойынша ғана бәсекелес болады», - деді ол өз сөзінде.

Одан басқа, сауда министрі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапа қазақстандық өндірушілерге өз өнімін трансұлттық сауда желілері арқылы сатуға мүмкіндік беретінін айтты.

«Әлемдік атауы мен беделі бар онлайн-ритейлерлер арқылы сатылатын тауардың сапасына жоғары талап қоятын болады. Егер біздің жоғары сапалы тауарымыз Еуропада сатылып, бәсекеге қабілетті болса, онда ол, әрине, біздің елде де осынша жоғары сапалы болады. Яғни техникалық реттеу саласын жетілдіру арқылы біз өзіміздің өндірісіміз бен сауданы жаппай сапалы дамуға ынталандырамыз», - деп атап өтті Б.Сұлтанов.

Сондай-ақ, министр онлайн саудаға қатысты түсініктеме берді.

«2019 жылғы 26 тамызда министрлік пен «Wildberries» Ресейде №1 онлайн-ритейлер арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Онда «Wildberries» қатысатын барлық аумақта электрондық сауда арналарын қолданып, қазақстандық экспорттаушылардың халықаралық саудаға қатысуы қарастырылған. Және де әлемдегі ірі В2В Alibaba онлайн сауда алаңында ұқсас сауда жүйесін өзімізде жүргізу жоспарланып отыр», - деді ол.

Сол секілді Б.Сұлтанов отандық өнімдердің бәсекеге қабілеті жөнінде сөз қозғады.

«Қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі барлық жұмысымыз бір ғана мақсатта жүргізіледі. Атап айтқанда, біздің елімізде әр тұтынушыда сапалы өнім болуы тиіс. Мақсатымыз – тауар өндірушіден түпкілікті тұтынушыға дейін қисынды және ыңғайлы тізбекті қалыптастыру. Қазақстанда немесе оның шегінен тыс жерде болсын», - деп қосты министр.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх