Спорт

Сәрсенкүл Рысбекова Токио олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

07 қараша, 04:1750
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: Olympic.kz Дереккөз: Olympic.kz

Стенд атудан Катар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында «траптан» әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық Сәрсенкүл Рысбекова Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Азия чемпионатында "күміс" медаль иеленіп, Токио ойындарының лицензиясына қол жеткізді. Олимпиадаға іріктеу ережесі бойынша Азия чемпионатында жүлделі үш орынға ие болған спортшыларға жолдама таратылады. 

Құрлық додасында "алтын" медальді ливандық Рэй Бассил еншілесе, "қола" медальді тайпейлік Ю Ван Лю иеленді. 

Айта кетсек, бұл – Қазақстан командасының қоржынындағы 22-жолдама. Бұдан бөлек, Қазақстан командалық сында Азия чемпионы атанды. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх