Сайлау-2019

Румыния байқаушылары: Сайлау аса жоғары деңгейде ұйымдастырылды

10 маусым, 15:43187
Автор: Elorda Aqparat
фото ҚР СІМ баспасөз қызметінен фото ҚР СІМ баспасөз қызметінен

Сыртқы істер министрлігінде сыртқы саяси ведомствоның басшысы Бейбіт Атамқұлов Қазақстанға президенттік сайлауға байқаушылар ретінде келген Румыния Парламентінің депутаттары Валери-Андрей Стериу және Кристиан-Георге Шефермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бірнеше сайлау учаскелерінде болғаннан соң, румындық депутаттар сайлауды ұйымдастырудың жоғары деңгейі, ашық өткені, сондай-ақ сайлаушылардың патриоттық сезімі мен белсенділігі қатты таң қалдырғандығын атап өтті. Румындық байқаушылар тобы алты Парламент мүшесі және Сыртық істер министрлігі мен үкіметтік емес ұйымдардың екі өкілінен тұрады.

«Бұл сайлау сіздің еліңіз үшін маңызды тарихи сәт, сонымен қатар сайлау аса жоғары деңгейде ұйымдастырылды», - деді В. Стериу.

Депутаттар Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Румыния мен халықаралық қоғам Қазақстаннан көп нәрсеге үйренуге болады деп атап өтті.

«Бізде де жақын арада президенттік сайлау өтеді, сондықтан бұл мәселеде бізге сіздерден көп нәрсені үйрену қажет», - деп қосты депутаттар.

В.Стериу румындық депутаттарды байқаушы ретінде шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Румыния Парламентері арасындағы өзара іс-қимылдарының белсенділігін атап өтті. Сонымен қатар румындық тарап екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту ниеті туралы мәлімдеп, оның ішінде әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты пысықтау мүмкіншілігі.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, оның ішінде ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм саласындағы байланыстарды нығайту туралы баса айтты. Тараптар осы саладағы нақты жобаларды талқылау жөнінде уағдаласты. Румындық «Ромптрол» мұнай компаниясына инвестиция құю арқылы Қазақстан осы елдің маңызды әріптесі болып отыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 1,7 млрд. АҚШ долларын құрады, сонымен қатар Қазақстанда румындық капиталмен 44 компания жұмыс істейді.

Кездесудің соңында ҚР Сыртқы істер министрі Румыния депутаттарына президенттік сайлауға байқаушы ретінде қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх