Руханият

«Руханият» орталығында пікірталас клубының отырысы өтті

29 қазан, 17:47124
Фото «Руханият» орталығының баспасөз қызметінен Фото «Руханият» орталығының баспасөз қызметінен

«Руханият алаңы» ғылыми-танымдық пікірталас клубының «Ұлттық ұстаным мен мінез: кеше және бүгін» тақырыбындағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Шараға ел зиялылары, мемлекет пен қоғам қайраткерлері, оқушылар мен студенттер қатысты. Шара барысында ұлттық ұстаным, рухани құндылықтардың маңыздылығы, болашақ перспективалары жайлы сөз қозғалды.

Фото «Руханият» орталығының баспасөз қызметіненФото «Руханият» орталығының баспасөз қызметінен

«Руханият» орталығы ғылыми-танымдық пікірталас клубының бесінші отырысы өтті. Бүгін қазақтың ұлттық ұстанымы деген тақырыпты көтеріп отырмыз. Бір жағынан жастарымызға ұлттық код жайлы ой салу. Бүгінгі шараға Төлен Әбдік, Бақытбек Смағұл, Алдан Смайыл, Марат Әбсемет, Сұлтан Оразалы секілді ұлт зиялыларымен қатар, студенттер мен оқушылар қатысып отыр. Шараның негізгі мақсаты – ұлттық ұстанымның өткенінен сыр шертіп, асыл қасиеттерді жастардың санасына сіңіру. Сол арқылы жастарды отансүйгіштікке, елдің азаматы болуға тәрбиелеу», - деді «Руханият» орталығының басшысы Ержан Еңсебай.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх