• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне жаңа басшы тағайындалды

25 шiлде, 14:35160
Автор: Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» ЖШС басшысы болып Нұрпейісов Үкібай Абдуманапұлы тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бұған дейін Ү.Нұрпейісов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» мекемесінде басшылық қызмет атқарған.

Әр жылдарда Алматы қаласы «Нұр Отан» ХДП жанындағы Алмалы ауданы «Жас Отан» ЖҚ бөлімінде атқарушы хатшы, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер универстиетінің (ҚазХҚжӘТУ) Жастар ісі Комитетінің төрағасы, Алматы қаласы «Қоғамдық келісім» КММ-нің энтомәдени бірлестік бөлімінің басшысы, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымы төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх