• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Республика даңғылына жөндеу жұмыстары жүргізіледі

10 шiлде, 09:4958
Автор: Elorda Aqparat
Фото Elorda aqparat мұрағатынан Фото Elorda aqparat мұрағатынан

А.Иманов көшесінен бастап Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Республика даңғылы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ПБ Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде А.Иманов көшесінен бастап Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Республика даңғылы бойынша жөндеу жұмыстарын бастайды. Осыған байланысты шілденің 10-нан 21-не дейінгі мерзімде көрсетілген учаскеде ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады», - делінген басқарманың хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Жөндеу жұмыстарының аяқталуының қысқа мерзіміне байланысты, жоғарыда көрсетілген учаскедегі жұмыстар тәулік бойы (күндізгі және түнгі уақытта) жүргізілетін болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх