• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет

Ресейлік «Star Media» кинокомпаниясының бас директоры киноиндустрияның құпиясымен бөлісті

11 қыркүйек, 15:1326
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Ресейлік «Star Media» кинокомпаниясының бас директоры Елена Белоусова Astana Media Week алаңында киноиндустриядағы табысының құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Star Media» компаниясы өз өнімін шетелге таратады. Биыл бізде шамамен 400 сағат жеке жобалар өндірісі жұмыс істеп жатыр. Мен қазір өндірісті ұлғайту жағына белсенді қарайтын біздің қазақ әріптестерімізге мынадай кеңес берер едім. Әрине, қаржы мүмкіндіктерін өз аудиториясының талабына қарай ыңғайлау. Бүгінгі уақыттағы өзгерген күрделі нарыққа қарамастан көшбасшылық позицияда қалу оңай емес. Ол үшін сапаны тиісті деңгейде ұстап, инновацияны қадағалау қажет», - деді Елена Белоусова «Қазақстанда теле және киноиндустрияны дамыту» панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, панельдік сессияға қатысушы журналист, модератор Бағдат Қожахметов Ресейде сериалдың бір эпизодының өндірісі орта есеппен 250-300 мың долларды құрайтынын атап өтті.

«Бізде мұндай бағаға сериалдың толық маусымы түсірілетінін әрі сапасы да кем түспейтінін атап өткім келеді», - деді Б.Қожахметов.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх