• USD 385
  • EUR 434

Мәдениет, Астанаға 20 жыл

Репин, Маковский, Фальк: орыс суретшілерінің жауһарлары Астанада

06 шiлде, 13:48847

Астананың 20 жылдығына орай америкалық коллекционерлердің қорындағы орыс суретшілері картиналарының көрмесі ашылды.  Көрмеге ХІХ және ХХ ғасырдағы Репин, Маковский, Фальк және т.б. атақты суретшілердің картиналары қойылған, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

ҚР Ұлттық музейінде ашылған АҚШ-тың жеке коллекционерлерінің ХІХ және ХХ ғасырдағы орыс суретшілерінің көрмесі ашылды. Көрменің ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы көрмені ұйымдастыруға атсалысқандарға алғысын білдірді. 

«Бұл көрмеге орыс суретшілерінің бірегей туындылары қойылды. Астананың 20 жылдығы бүкіл елдік мереке. Осы күндері Нью-Йорктегі көркем өнер музейінде Ә.Қастеев атындағы музейдің көрмесі өтіп жатыр», - деді ол. 

 

Американдық «The SonMar Grour»  компаниясының негізін қалаушы Марина Ковалеваның айтуынша, аталған көрмені Қазақстанда өткізу жөнінде келіссөздер жарты жылдам астам уақыт кеткен. 

«Бұл көрмеде ұсынылған туындылар әлем мәдениетіндегі баға жетпес құндылықтар болып табылады. Бұл туындылар осы күнге дейін жеке коллекционерлердің арқасында сақталып жетті. Біз көрмеге 40 туындыны әкелдік. Олардың барлығы атақты суретшілердің картиналары. Әр картина біз үшін қымбат, бағасыз», - деді Марина Ковалева. 

 

Айта кетейік, көрмеде Илия Репин, Алексей Саврасов, Владимир Маковский, Константинн Коровин, Петр Трубецкий, Наталья Гончарова,  Роберт Фальк және т.б. суретшілердің туындылары ұсынылды.  Көрме осы жылдың 3 қазанына дейін жалғасады.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх