Жолдау-2019

Президент Жолдауын медицина қызметкерлері талқылады

01 қазан, 17:54350
Автор: Elorda Aqparat

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын түсіндіру және талқылау аясында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Алғашқы медициналық-санитарлық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Айдархановпен кездесу өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Кездесу барысында Президент Тоқаевтың халыққа арнаған алғашқы Жолдауы, онда елдің әрі қарай дамуына қатысты көзқарасы талқыланды. Қоғам өміріне әсер ететін жалақыны көтеру, жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейту, білім беру саласында, Қазақстан банктері жүйесінде және т.б. өзгерістер күтіп тұр.

Сонымен қатар этика және деонтология мәселелері бойынша семинар өткізілді. Бәрімізге белгілі, медицинадағы деонтология мен этика маңызды орындардың бірін алады. Бұл медициналық ұйымдар персоналының жұмыс ерекшелігіне байланысты.

Деонтологияның аспектілері медицина қызметкерлерінің науқастармен, олардың туысқандарымен өзара қарым-қатынасы, сондай-ақ дәрігерлердің өзара қарым-қатынасы болып саналады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх