• USD 385
  • EUR 434

Жолдау-2019

Президент Жолдауын еңбек ұжымдары талқылады

10 қыркүйек, 13:1864

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауы мен онда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мәселесі еңбек ұжымдарында талқылануда. Бүгін осындай отырыстың бірі «Астаналық цирк» МКҚК-да өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жолдауды тақылауға арналған жиынға еңбек ұжымындағы 50 адам қатысты. Жолдауда Президент көтерген мәдениет саласына, әлеуметтің әл-ауқатына қатысты мәселелер жөнінде «Астаналық цирк» МКҚК бас директорының міндетін атқарушы және Nur Otan партиясы бастауыш ұйымы төрағасының орынбасары Мұрат Бекеев, заң кеңесшісі Өмірбек Қалдыбеков сөз сөйледі. 

Спикерлер Президент Жолдауындағы қала мен ауылды дамыту, қарыз жүктемесінің төмендеуі, қолжетімді тұрғын үй, медициналық сақтандыру, елордаға газ тарту сияқты мәселелер жөнінде айтты. Атап айтқанда, кепілді әлеуметтік көмекті тұрмысы төмен отбасылардың қалай алатыны, «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 2 пайыздық жеңілдетілген мөлшерлемемен баспанаға қалай қол жеткізуге болатыны айтылды. 

Бұдан бөлек, зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгерістер, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде іске қосылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, тұрғын үй қорын жөндеу, Нұр-Сұлтан қаласына газ тартудың басталуы туралы кеңінен мағлұмат берілді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх