• USD 385
  • EUR 434

Жолдау-2019

Президент Жолдауы мемлекетімізді баянды белестерге бастайды – Ерлан Сыдықов

04 қыркүйек, 08:3953
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов ҚР Президентінің алғашқы Жолдауына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Президент Жолдауы – барша қазақстандықтардың өміріне, болашағына қатысты тарихи құжат. Ол стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне жетелеген Президенттің алғашқы Жолдауы еліміздің еңсесін биіктетіп, ғаламдық өркениет өрісіне шығармақ. Мемлекет басшысы қайнаған тіршіліктің бәрі елдің экономикасына қатысты екенін баса айтты. Өйткені елдің дамуы экономикамен тығыз, тікелей байланысты: бәсекелестік кеңістікте дамыған ел ғана алдыңғы орынға шығатынына көзіміз жетті», - деді Ерлан Сыдықов.

Ғылым академигінің айтуынша, Жолдауда айтылған тағы бір маңызды мәселе – азаматтық қоғамға қолдау көрсетудің қажеттігі.

«Тағы бір тоқтала кететін жайт – митинг туралы заңнаманы жетілдіру, азаматтардың өз ойын еркін білдіруіне мүмкіндік беру, балама сындарлы саяси көзқарастардың болуы секілді мəселелердің айтылғаны өте дұрыс болды деп есептеймін. Мемлекет басшысы ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артатынын жеткізе отырып: «Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын, сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі» деді ол. Халық «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Президенттің қазақстандықтарды жауапкершілікке шақыра отырып, жасампаздыққа жетелеген сындарлы Жолдауы мемлекетімізді баянды белестерге бастайды деп сенеміз», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх