Қылмыс және оқиғалар

Пойыз алдына шығып кеткен автобус апатқа ұшырады

15 қыркүйек, 21:04121
Автор: Elorda Aqparat
Фото: 24.kz Фото: 24.kz

Ескерту белгісіне қарамастан теміржолға өтіп кетіп, пойыз алдына шығып кеткен автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін кешкі сағат 19.20 мөлшерінде Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған теміржол стансасында орын алған.

Қазіргі уақытта жол апатының себеп-салдары тексерілуде. Осы оқиғаға байланысты Алматы облысы ТЖД-да жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды: (87282) 220213, 220018. Сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД-да да жедел желі жұмыс істеп тұр: (8727) 2782083, 2782084.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх