Қылмыс және оқиғалар

Полицейлер ірі көлемде есірткі тәркіледі

04 қараша, 09:5143
Автор: Elorda Aqparat
фото 24.kz сайтынан алынды фото 24.kz сайтынан алынды

Тәртіп сақшылары есірткі сатқан астаналық тұрғынды құрықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері бұрын сотталған, 50 жастағы қала тұрғынын есірткі сатқаны үшін ұстады. Аталған адамның мекенжайы бойынша аса ірі көлемде «героин» табылып, тәркіленді. Ұстау барысында ол заттай дәлелдемеден құтылуға әрекет жасады. Осы факті бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Жыл басынан елордалық полицейлер 100 келіден астам әртүрлі есірткі заттарын, оның ішінде «героин», «синтетикалық» есірткі тәркіледі», - деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.

Ведомствоның хабарлауынша, бүгінде «Есірткіні сату» бабы бойынша 65 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, әртүрлі есірткі қылмыстарына қатысты бұзушылық жасалғаны үшін 345 қылмыстық іс қозғалды.

«Ағымдағы жылдың 05 шілдесінде есірткінің жиынтық кестесіне өзгірістер енгізілді. Осы өзгерістер заңды күшіне енуінен бастап Нұр-Сұлтан қаласы ПД ЕҚҚІҚБ «синтетикалық» есірткімен байланысты 58 қылмыстық іс тіркеді. «Интернет-кеңістікті» мониторингілеу барысында және азаматтардың белсенді ұстанымы арқасында синтетикалық есірткі таратумен байланысты 100-ден астам сайт анықталды. Осы сайттарды бұғаттау үшін алынған ақпарат тиісті органдарға жолданды. Сонымен қатар, үйлердің қабырғаларында және кіреберістерде 200-ден астам есірткі сатылатын орындарды насихаттайтын граффити-суреттер жойылды», - делінген хабарламада.




Наверх