Мәдениет

«Пішін мен бейне үндестігі» атты тақырыптық қор көрмесі ашылды

09 қараша, 22:0969
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: Елбасы кітапханасы Дереккөз: Елбасы кітапханасы

Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Пішін мен бейне үндестігі» атты тақырыптық қор көрмесі ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Әзербайжан, Чехия, Швеция, Жапония елшіліктерінің, сондай-ақ Корей мәдениет орталығының өкілдері, университет студенттері және мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов көрменің маңыздылығына тоқталды.

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасы халықаралық-құқықтық тұрғыдан мойындалды. Қазақ елі мемлекет ретінде әлем картасына енді. Аталған жетістіктердің негізі – Қазақстаннның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көпвекторлы сыртқы саясаты, кәсіби дипломатиядағы шеберлігі. Осы арада екіжақты және көпжақты кездесулер мен келіссөздер аясындағы шетел делегацияларының мемлекетімізге, халқымызға көрсеткен құрметін дәлелдейтін кәдесыйлардың да маңызы зор екенін атап өткім келеді. Аталған кәдесыйлар – жас Қазақстанның сыртқы саясатта жасаған алғашқы қадамдарын, оның ішінде жоғары деңгейдегі Қазақстаннның Тұңғыш Президентінің шетелге жасаған мемлекеттік, ресми сапарлары мен кездесулерін, бүгінде еліміз жүргізіп отырған көпвекторлық сыртқы саясаттың стратегиялық маңыздылығын тағы да растай түседі. Осындай нық орныққан бағдардың түпкілікті қағидаттары мен құндылықтарына бекем болу – біздің мемлекетіміздің даму шарттарына сәйкес келетін сыртқы саясаттың қайталанбас үлгісі», – деді ол.

Сәндік табақтар тақырыптық топтамасын ғылыми-зерттеу нәтижесінде уақытша көрмелердің өзінде сирек көрсетілетін музейлік маңызы бар бұйымдардың ауқымды экспозициялық тобын қалыптастыруға мүмкіндік туды. Музей жинағындағы 87 сақтау бірлік сәндік табақтар туралы ақпаратты жүйелеу жұмыстары Елбасы кітапханасының ғана емес, жалпы Қазақстан музейлерінің тәжірибесіндегі алғаш рет сыналатын көпшілік бағдарламасынан тұратын ауқымды көрме жобасының негізіне айналды.

«Көрмеде өте әдемі, өзіндік ерекшелігі бар жәдігер көп болды. Әр жәдігерге қарап, сол елдің тарихын, дәстүрін, мәдениетін аңғаруға болады», – деді Швецияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Матс Фойер.

«Пішін мен өрнектің гармониясы» көрме барысында көпшілікке арналған бағдарлама да ұсынылды. Яғни 13 қарашадан бастап елордалықтар мен қала қонақтары тегін семинарларға, фильм көрсетілімдеріне, Елбасы кітапханасындағы дәрістерге қатыса алады.




Наверх