Өңірлер жаңалығы

Павлодар облысы экспортты ұлғайтып жатыр

09 қазан, 14:2729
Автор: Elorda Aqparat
Фото Сауда және интеграция министрлігінен Фото Сауда және интеграция министрлігінен

Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы Павлодар облысында экспорттаушы кәсіпкерлердің шағымдарын тыңдады, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысына жұмыс сапары шеңберінде Сауда және интеграция вице-министрі өңірдің экспортқа бағытталған кәсіпорындарымен B2G форматында бірқатар кездесулер өткізді.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында экспортқа жұмыс істейтін компанияларды мемлекеттік қолдауды арттыру қажеттілігін атап өткен. Павлодар облысы еліміздің экспортын, оның ішінде ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын дамыту бойынша көшбасшы позицияның біреуіне ие. Мұнда тек қана Ресейдің шекара маңы өңірлерімен тауар айналымы 280 млн долларды құрайды», - деп атап көрсетті Азамат Асқарұлы. – Кәсіпкерлерде министрліктің экспортқа бағытталған компаниялары үшін енгізіп жатқан қолдаудың жаңа құралдарына қатысты сұрақтары өте көп. Одан басқа, енді ғана шетел нарықтарына шығайын деп жатқан компаниялар мемлекеттен алуға болатын сервистік және қаржы қолдау шаралары туралы біле бермейтіні анықталды».

Кездесулер шегінде вице-министр «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ (сыртқы және ішкі нарықтарда кәсіпорынның шығын бөліктерін өтеу, инновациялық гранттар беру, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған қолдау шаралары), Қазақстанның сыртқы сауда палатасы (экспорттаушыларды сервистік қолдау), «KazakhExport» экспорт-сақтандыру компаниясы» (экспортты қолдаудың сақтандыру қаржы шаралары), «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (экспорттаушыны сараптама алды қаржыландыру, лизинг және сауда қаржыландыру) сияқты даму институттары ретінде қолданыстағы және жаңа мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде түсініктеме берді.

«Мемлекет экспортты, әсіресе қайта өңделген өнімді қолдауға ерекше назар аударады. Павлодар облысынан экспорттық жеткізілімнің өсімін азық-түлік, химия саласының өнімі, құрылыс материалдары сияқты тауар топтары бойынша атап өтеміз, - деп хабарлады вице-министр. – Алайда отандық экспорттаушылар бірқатар жүйелі проблемаларды атап көрсетті. Министрлік барлық ескертулерді Үкімет деңгейінде одан әрі шешу үшін бақылауға алды».

Жұмыс сапары барысында вице-министр сондай-ақ «Сауда үздігі - 2019» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттауға қатысты, ол сауда және қызмет көрсету саласында кәсіпорындардың кәсіби қызметінің жоғары бағасы болып табылады.

Бұдан басқа, вице-министр Ақсу қаласының көтерме-тарату орталығына (КТО) барды.

Негізгі азық-түлік тауарлардың бағасын тежеу мақсатында осы жылы Үкімет еліміздің барлық өңірлерінде КТО салу мәселесін қарауды тапсырған болатын. КТО іске қосу нәтижесі бойынша маусымаралық кезеңінде азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақтандыру жоспарланып отыр.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх