• USD 385
  • EUR 434

Спорт

Параолимпиадалық ойын – 2019: 37 спортшы елорда намысын қорғайды

07 қыркүйек, 10:0718

12-18 қыркүйек күндері Ақтөбеде V республикалық параолимпиада ойындары өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Республикалық паралимпиадалық ойынның басты екі ерекшелігі бар. Біріншіден, ол 4 жылда бір рет өтеді. Яғни 4 жыл бойы параспортшыларымыз бұл жарысты асыға күтеді. Екіншіден, жарыс ерекше жандардың қатысуымен ерекшеленеді. Параолимпиадалық ойынға барлық өңір өз мықтыларын жібереді және жыл сайын қатысушылардың саны артуда. Біздің параспортшылар тыңғылықты дайындалды. Әрине, спортшыларымыздың жеңіс тұғырынан көрінуін тілейміз», – деді қалалық балалар мен жасөспірімдер және мүгедек спортшыларға арналған спорттық мектебінің директоры Рустам Қалин спортшыларды параолимпиадалық ойынға шығарып салуға арналған баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, аталған параспорт бәсекесінде бас қаланың намысын 37 спортшы қорғайды.
V паралипиадалық ойын пара дзюдо, отырып ойнау волейболы, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг және үстел теннисі сынды өзге де спорт түрлерінен өтеді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх