Спорт

Паралимпиада ойындарының соңғы күнінде елордалық спортшылар 11 медальға ие болды

17 қыркүйек, 19:2764
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: мүгедек жандарға арналған спорт мектебі Дереккөз: мүгедек жандарға арналған спорт мектебі

Паралимпиада ойындарының соңғы күнінде елордалық спортшылар 11 медальға ие болды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жалпы, жарысқа 160 астам спортшы қатысты. 107 қатысушының тірек-қимыл аппараты зақымдалған, 50 спортшыда көру қабілеті төмен. 

Ақтық сындар Ақтөбеде өтті. "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедек спортшыларға арналған спорт мектебінің" спортшылары жеңіл атлетикадан 10 медальға (үш "алтын", алты "күміс" және бір "қола" медаль) ие болды.

Нәтижесінде Елена Каликова І орынға (ядроны  итеру), І орын (дискті лақтыру), І орын (найза лақтыру),  Болат Бейбарыс пен Гольштейн Екатерина ІІ орынға, Духайло Валентин ІІІ орынға ие болды.

"Мен жеті жылдан бері жеңіл атлетикамен айналысып келемін. Маған бұл спорт түрі, яғни жүгіру және қашықтықта секіру ұнайды. Мақсатым – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындау. Павлодар қаласында өткен Олимпиада ойындарында үш рет күміс жүлдеге ие болған болатынмын. Параолимпиада ойындары тәжірибе алысып, жаңа белестерге жетуге мүмкіндік береді", – деп бөлісті жеңіл атлетикадан ҚР спорт шебері, жастар және Азия ойындарыныңчемпионы Бейбарыс Болат.

Пауэрлифтингтен жалғыз ғана медальға Қанат Байлин ие болды. Спортшы 97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. 123 кг салмақ дәрежесінде ол елорда құрамына күміс медаль алып келді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх