Қылмыс және оқиғалар

Пара алған тағы бір шенеунікке үкім шықты

05 қараша, 12:4455
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Сарыарқа ауданының бөлім басшысы жүйелі түрде пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Сарыарқа ауданының санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы С.Қ.Жұматаеваға қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Ол бірнеше рет қоғамдық тамақтану нысандарын жоспарлы тексеру бойынша оң шешім алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы мен жүгенсіздікке жол бергені үшін шағын және орта бизнес субъектілерінен 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінген.

«Осы жылдың 4 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен Жұматаеваға 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сол үкіммен пара бергені үшін К.К.Култаеваға 200 мың, С.Д.Сығаеваға – 300 мың, И.И.Исамидиновке - 250 мың тенге көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Жұматаева өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.




Наверх