• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

Пәтер алып беремін деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды

05 шiлде, 12:1694
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Елордалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тұрғын үй алуға байланысты бірнеше алаяқтық фактісін жасаған 27 жасар қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Тергеу барысында анықталғаны, әйел банк тыйым салған мүлікті, яғни пәтерлерді алып беруге көмектесемін деп азаматтарды алдаған. Алаяқ әйел бұрын сотты болған»,- деп көрсетті қалалық полиция басқармасының өкілдері.

Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 190 бабымен сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.

Жасаған әрекеті үшін күдікті Нұр-Сұлтан қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы тәріздес өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Тұлғаның құқыққа қарсы әрекетінен жәбір көрген азаматтарға Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 19 үй, көрсетілген телефондарға 8 (7172) 71-60-24; 71-60-69, 8 702 555 9323 немесе «102» қоңырау шалуға болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх