Қоғам
Өткен жылы 1,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді

2017 жылы астанада 300 мың әкімшілік айыппұл салынып, 1,7 млрд теңге яғни 58% өндірілді. Астанада жедел-профилактикалық "Борышкер-2018" іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Елорда инфо астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Дәл қазіргі таңда бізде "Борышкер-2018" жедел-оперативті іс-шарасы жүргізілуде. Шараның басты мақсаты - әкімшілік айыппұл салынған құқық бұзушылар мен алимент төлемегендерді анықтау. Операция "Сергек" жүйесі қосылған камера арқылы планшеттің көмегімен жүргізіледі", - дейді Астана ІІД әкімшілік практика бөлімі басшысының орынбасары Дархан Ташмұхамбетов.
Оның айтуынша, 2017 жылы 300 мың әкімшілік айыппұл салынған, яғни 58% өндірілген. Елордада "Борышкер-2018" жедел-оперативті іс-шарасы 16 қаңтардан 19 қаңтарға дейін прокуратура, жекеменшік сот орындаушылары мен полиция инспекторларының қатысуымен өткізілуде.
Өткізіліп жатқан іс-шараның басты жаңашылдығы, электронды планшетті қолданудың арқасында, әкімшілік айыппұлын өтемеген азаматтарды анықтап, мәжбүрлі түрде әкімшілік жауапкершілікке тартып болмаса көлік құралына дейін айыппұл салмақ.
ұқсас жаңалықтар
-
16 қаңтар, 12:05Астанада абаттандыру ережелерін бұзған құрылыс компаниясына айыппұл салындыБақылаусыз және абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін «Астана-СтройДизайн» ЖШС 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды
-
10 қаңтар, 15:14Астаналық жүргізуші 555 рет жол ережесін бұзып, айыппұл сомасы 6 млн теңгеден астыМиллиондаған айыппұлы бар жүргізушілерді полицейлер іздестіруде
-
19 желтоқсан, 17:31Астанада мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға пәтер алғандар қалай төлейдіТөлем мерзімінің шарттарын сақтамаған жағдайда айыппұл салынады
соңғы ақпараттар
-
18 ақпан, 16:11Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғадыСиноптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жария етті
-
18 ақпан, 12:29Астанадан қала маңына қатынайтын бірқатар бағдардың қозғалысы тоқтадыАстана - Қарағанды тас жолының жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын № 315, 316 бағдарлардың қозғалысы тоқтатылды
-
18 ақпан, 12:03 Бақыт Сұлтанов Сарыарқа ауданының әкімін таныстырдыЕлорда басшысы жаңа әкімді ұжым алдында арнайы таныстырды