Мәдениет

«Otbasy baqyt mekeni» жобасының алғашқы қойылымы "Жаралы гүлдер" пьесасы сахналанды

09 қазан, 18:33102
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы: Сұлтан Сейітов Фото авторы: Сұлтан Сейітов

«Жастар жылы»  аясында Нұр-Сұлтан қаласы  Қоғамдық даму істері басқармасы мен «Астана жастары»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Otbasy baqyt mekeni» жобасының алғашқы қойылымы жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтің "Жаралы  гүлдер" пьесасы сахналанды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Жобаның басты мақсаты – Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында отбасы құндылығын насихаттау. Осыған байланысты жыл соңына дейін үш қойылымды сахналау жоспарланған. 

Фото авторы: Сұлтан СейітовФото авторы: Сұлтан Сейітов

Бүгін Л.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің төрінде алғашқы сахналанған пьеса 1941-1945 жылдарғы соғыс кезінде тылдағы халықтың, әсіресе, жасөспірімдердің өмірін, тіршілік-тауқыметін шындықпен суреттейді.

Келесі кезекте қырғыз драматургы Мар Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы мен Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасын қойылмақ.  

Жадыра МҰРАТБЕКОВА



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх