• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Отандық тауар экспорттаушыларға арналған «QazTrade» ұйымы құрылды

09 қыркүйек, 17:0345
Суретті түсірген автор Суретті түсірген автор

Отандық тауар экспорттаушылар үшін «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін жаңа ұйым іске қосылды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Қазір Үкімет экспортты дамытуға бағытталған барлық бағдарламаларды яғни индустиялық-инновациялық даму, бизнестің жол картасы, кәсіпкерлікті қолдауды үйлестіру бойынша жұмыс істеуде. Жуырда шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын ілгерілету жөніндегі жол картасы бекітілді. Құжатта тауардың шетел нарықтарына шығару кезінде туындайтын кедергілерді төмендетуге ерекше назар аударылған. Біз экспортталған, өңделген тауарлар желісін кеңейтеміз, сондай-ақ экспорттаушыларды қолдаудың қаржы және қаржы емес шараларын күшейтеміз», - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, министр отандық сауданы шетелде дамыту жұмыстары туралы айтты.

«Біздің өнімді шетелге ілгерілету және сүйемелдеу үшін экспорттаушыларға «бір терезе» - «QazTrade» ұйымы өз жұмысын бастады. Ол экспорттаушы мен мемлекеттік орган арасында агент рөлін атқаратын болады. Біздің сауда өкілдіктеріміз шетелде «QazTrade» сыртқы кеңселер болады», - деді ол.

Одан бөлек, Б.Сұлтанов жаңадан құрылған «QazTrade» ұйымының маңызы мен міндетіне тоқталып өтті.

«Өңірлік және шекара маңындағы сауданы дамыту көзделген. Әлеуметтік кәсіптік корпорация базасында өңірлік экспорттаушы орталықтар құру жоспарланып отыр, олардың қызметін «QazTrade» үйлестіретін болады. Алыпсатарларды қысқарту және өндірушілерге тамақ өнімдерін сақтау, қаптау, өткізу және тасымалдау бойынша қызмет көрсету мақсатында көтерме-тарату және тарату орталықтарын салу жоспарланып отыр», - деді министр.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх