Тұрғын үй алаптары

«Орбита» тұрғын үй кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізіледі – елорда әкімдігі

07 қараша, 09:43286
Фото Elorda aqparat мұрағатынан Фото Elorda aqparat мұрағатынан

Нұр-Сұлтан қаласындағы балконында жарық пайда болған «Орбита» тұрғын үй кешеніне қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Бүгінгі таңда тиісті шаралар қабылданды. Қаражат бөлініп, техникалық тексеру жүргізілді және жоба жасалып жатыр. Келесі жылдың мамыр айында тұрғын үй кешенінің қасбеті, балконы түгелдей қайта жөнделеді», - деді Алтынбек Қайсағалиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған тұрғын үйге тұрғындар пайдалануға рұқсаты болмай тұрып кіріп алған. Және қазіргі таңда балконды тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Біз бұл мәселені шешеміз. Тұрғын үйге қатысты тиісті бұйрыққа қол қойылды. Шешім кеше немесе бүгін ғана шыққан жоқ әкім осы нысанға барған кезде шықты. Өздеріңіз білетіндей, қала әкімі Алтай Көлгінов проблемасы бар нысандарды өзі аралайды. Ол сол кезде шешім қабылдап, қаражат бөлу туралы тапсырма берген, - дейді ол.

Әкім орынбасарының сөзіне сенсек, бүгінгі таңда бұл үйде 340 отбасы тұрып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін балконы қисайған тұрғын үй туралы хабарлаған болатынбыз. «Орбита» тұрғын үйіне қатысты қала әкімдігі де түсініктеме берді.




Наверх