• USD 385
  • EUR 434

Өңірлер жаңалығы

Оралда Porsche Cayenne-мен екі көлікті соққан театр басшысы қамауға алынды

13 тамыз, 16:1140
Автор: Elorda Aqparat
фото mgorod.kz сайтынан фото mgorod.kz сайтынан

Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директорына қатысты іс қаралды. Қуаныш Амандықов «Порше Кайен» көлігімен бағдаршамда тұрған екі көлікке кеп соқтығысқан. Бұл туралы Елорда Инфо «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші инстанциядағы сот шешімімен келіспеген айыпталушы аппеляциялық сотқа шағымданған.

Сот Амандықовты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 6 бөлімі 608 бабы бойынша кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды. Қуаныш Амандықов сот үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Дегенмен айыпталушы шағымын қайта алуына байланысты облыстық соттың судьясы Л.Ұстағалиева бірінші инстация сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Естеріңізге саламыз, жол апаты Орал қаласында 16 шілдеде сағат кешкі 8 шамасында Жәңгір хан көшесінің бойында орын алған.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх