Өңірлер жаңалығы

Өмірзақ Шөкеев: Мақта егу өте тиімсіз, оны азайту қажет

23 қазан, 15:4859
Автор: Elorda Aqparat
Фото Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен Фото Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оңтүстік жұртының мақтаны көп егетінін, алайда ол өте тиімсіз екенін жеткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Республика бойынша биыл қиын жыл болғанымен, оңтүстік өңірлерде егіс бітік шықты. 20 центнерден жоғары бидай алынды. Одан бөлек, мақта, көкөніс шаруашылығы жақсы көрсеткіштерге жетіп отыр. Жем-шөпті алар болсақ, шаруарлар екіжылдық қорын жинап алды. Жалпы біз ауыл шаруашылығында екі өнім алу мәселесін қозғап жатырмыз. Шағын шаруашылықтарда бір гектар, үш гектар жерлерде екі-үш өнім алатындай технология ендіруді қолға алдық. Оны бірнеше рет семинар өткізіп, шаруаларға таныстырдық. Келесі жылдан бастап бұл кеңінен тарайтын тәжірибе болады деп ойлаймын», - деді Ө.Шөкеев.

Ол сөз арасында мақта шаруашылығының проблемасын қозғап өтті.

«Биыл мақтаның нарықтағы бағасы төмен. Мақта өңдейтін зауыттар өнімнің әр тоннасына 120 мың теңге төлейміз деп айтқан болатын. Біз араласып 150 мың теңгеге дейін көтердік. Ал одан әрі қарай көтеру мүмкіндік жоқ. Жалпы, мақта туралы осыған дейін де талай рет айтып келе жатырмын. Мақта егуді азайту қажет. Себебі, бұл қазір өте тиімсіз дақыл боп тұр. Оның орнына көкөніс, бау-бақшаны көбейтуіміз керек. Оны қалай жасау керектігін үйрету үшін қайта-қайта семинар өткізіп жатырмыз. Келесі жылы бұл жағынан бетбұрыс болады деп ойлаймын», – деді Түркістан облысының әкімі.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх