• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Оқушылардың сыныпты тазалауы: Білім министрі пікір білдірді

10 қыркүйек, 11:4247
Фото 24.kz сайтынан Фото 24.kz сайтынан

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде қолған алынған оқушылардың сыныпты тазалау тәжірибесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Біріншіден, оқушылардың сыныпты тазалауы министрліктің күн тәртібінде тұрған жоқ. Екіншіден, бұл жоба бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан жоқ. Үшіншіден, мектеп бюджетінде техникалық әкімшілікке қаржы және қызметкерлер штаты қарастырылған. Төртіншіден, әрине бұндай бастамалар оқушылар мен ата-аналардың рұқсатымен ерікті түрде жүргізіледі», - деді Асхат Аймағамбетов Үкімет үйінде.

Министрдің сөзінше, оқушыларды еңбекке баулу оқу-тәрбиелік процесінде маңызды рөл атқарады.

«Мектеп мен отбасы баланы жастайынан тәрбиеге баулумен айналысуы керек. Сондықтан мектептерде түрлі шаралар арқылы еңбекке баулу жұмыстары жүріп жатыр. Әрине бұл сыныпты тазалату арқылы ғана баланы еңбекке баулуға болады деген сөз емес. Дегенмен бұл маңызды сұрақ. Жалпы айтқанда бүгінде ұстаздар ата-аналарға балаларды үй тіршілігінде көмектесуге шақыру арқылы тазалыққа, еңбекке баулуға шақырады. Яғни үйде ыдыс жуу, еден жуу сол сияқты өзі отырған орнын тазалау секілді жұмыстар. Осындай ұсақ-түйек жайттар баланың тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Бірақ тағы да айтарым, мұндай жұмыстар балалар мен ата-аналардың еркімен жүргізілуі тиіс», - деді ол.

Айта кетсек, оқушылардың сыныпты тазалау тәжірибесі бүгінде елорданың бірнеше мектептерінде қолға алынған.

Сондай-ақ, кеше қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин кабинетін өзі тазалап, #өзіңненбаста атты жаңа эстафетаны білім ұйымдарының басшыларына жолдады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх