Мәдениет

Оқушылар сарайында этномәдени бірлестіктердің есептік концерті өтті

07 қазан, 17:0865
Автор: Elorda Aqparat
Фото «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінен Фото «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінен

Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен елордалық этномәдени орталықтардың «Этникалық полифония» атты есеп беру концерті өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концерттің ерекшелігі, оның фольклорлық бағытында. Бағдарлама бойынша орындалған вокалдық және хореографиялық қойылымдар ұлттық нақыш пен темпераментке толы болды. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің мүшелері, әскери қызметшілер, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

«Этникалық полифония» шымылдығын «Ван» елордалық армян этномәдени орталығының «Наири» ансамблі «Тавих» армян биімен ашты.  Көрікті армян ұлттық киімдерінің қанық түсі, жұртшылықты таң қалдырды. Арно Бабаджанянның «Элегея» композициясын Люсинэ Макунц фортепианода асқан шеберлікпен орындады. Армян этномәдени орталығының шығармашылық ұжымы кіші топтың «Кербез қыз» биін көтеріңкі көңіл-күймен орындады.

Екінші болып өз шығармашылығын көпшілікке «Лад» РСҚ астаналық филиалы қоғамдық бірлестігінің мүшелері көрсетті. Олар «Масленица» орыс дәстүрін көпшілік назарына ұсынды. Ал «Радуга» орыс әндерінің ансамблі көңілді частушкаларды шырқады. Орыстың ұлттық киімдері көз жауын алып, сахнаның сәнін келтірді.

Одан әрі көрермендер поляк музыка мәдениетінің әртүрлілігіне көз жеткізді. Сахнада Нұр-Сұлтан қаласының «Polacy» қоғамдық бірлестігі әдемі вальсті көрермендерге тарту етті. Ал «Стократка» және «Краснолютки» ансамблдері ұмытылмас, көңілді әндермен тамаша өнер көрсетті. Кеш қонақтары би билеп, шығармашылық топпен бірге ән салды.

Фото «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіненФото «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінен

«Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығы көрермендерді бей-жай қалдырмады. «Ялкын» және «Дуслык» ансамблі «Уфтанма», «Қаз қанаты», «Жиләкле жәй» және «Бул-бул» атты халық әндерін орындады. Әсел Ерғалина және «Таң» татар-башқұрт орталығының көркемөнерпаздары «Сабантуй» вокалды-хореографиялық композициясымен өз өнерлерін тамаша аяқтады.

Фото «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіненФото «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінен

«Қырғызстан-Астана» этномәдени бірлестігінің өкілдері өз өнерлерін ортаға салып, концертті әрмен қарай қырғыз тілінде жалғастырды. Мұқажанова Мадина мен Сагинбаева Замира қырғыздың «Нарындан жазган Салам кат» әнін нақышына келтіріп шырқады.

Тамаша есептік концертті «Дала өлкесі казактары» АҚБ елордалық филиалы аяқтады. «Бородино», «Қаламқас», «Ямщик, не гони лошадей!», «Казак без коня – не казак» әндері Оқушылар сарайының сахнасында орындалды. «Дала өлкесі казактарының» «Я на печке молотила» вокалды-хореографиялық композициясымен елордалық этномәдени орталықтардың есептік концерті аяқталды.

Фото «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіненФото «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметінен



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх