• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Эксклюзив

«Нұрсая» тұрғын үй кешенінде жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатыр

08 тамыз, 16:27135
Фотоны түсірген автор Фотоны түсірген автор

Бүгінде сол жағалаудағы «Нұрсая-2» тұрғын үйіндегі жөндеу жұмыстары өз жалғасын табуда, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Еске сала кетсек, 26 шілде күні біздің сайтта «Нұрсаяның» ауласы немесе сыны мен сыры кеткен элиталық үй» атауымен сол жағалаудағы Министрліктер үйіне қарама қарсы орналасқан элиталық «Нұрсая-2» тұрғын үйінің күтімі жайлы сын ақпарат шыққан болатын.

Араға көп уақыт салмай 31 шілде күні Елорда Инфо жариялаған материалдан кейін Есіл ауданының әкімдігі редакциямызға ресми жауап берді.

Әкімдіктің мәліметі бойынша «Нұрсая» кешенінің басқару органы болып есептелетін «Нұрбекет» ЖШС осы жылдың наурыз айынан бастап өз қаражатына жөндеу жұмыстарын жүргізбек болған.

«Жөндеу жұмыстары үшін тұрғындардан ақша жиналмайды. Қазіргі уақытта қылқанжапырақты ағаштардың көшеттерін отырғызу (биіктігі 3 м болатын - 42 шырша, биіктігі 1 м болатын - 200 шырша), газондар, гүлзарлар орнату, жапқыштарды (борттық тастарды) ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр (фотода көрсетілген). Пандустың сынған кафельдері «Нұрбекет» ЖШС-нің есебінен қалпына келтіріледі», - деп мәлімделген Есіл аудандық әкімдігінің ресми жауабында.

Фотоны түсірген авторФотоны түсірген автор

Біз бүгін осы шаруаның қалай шешіліп, жұмыстың қалай жүріп жатқандығын білу мақсатында «Нұрбекет» ЖШС-не барған болатынбыз. Біз барғанда бір ғана қызметкер болды. Өз кезегімізде нендей шаруамен келгенімізді айтып, сұрағымызды қойдық. ЖШС қызметкері ұялы телефонымен сөйлесіп болған соң бізге мынандай жауап қатты:

«Сіздердің сұрақтарыңыз бойынша дәл қазір қандай да бір түсініктеме бере алмаймын. Байланыс телефондарыңызды қалдырыңыздар, сіздерге өзіміз хабарласатын боламыз», - деді «Нұрбекет» ЖШС-нің қызметкері.

Сондай-ақ, біз жол-жөнекей «Нұрсая-2» тұрғын үй кешені пандусының сынған кафельдерін жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанын байқадық. Сонымен қатар әлі де болса шешілуі тиіс ұсақ-түйек мәселелердің барын аңғардық.

Фотоны түсірген авторФотоны түсірген автор

Мысалы, мына кәріз құдығының іші мен сыртының қалдығы тазаланбаған.

Немесе мына темір шарбақ қисайып жатыр, мұны кім тұрғызады?

Фотоны түсірген авторФотоны түсірген автор

Сондай-ақ, балалар әткеншегінің қаңқасы бар, әткеншектің өзі жоқ.

Фотоны түсірген авторФотоны түсірген автор

Алдағы уақытта Елорда Инфо редакциясы аталған тұрғын үй кешеніне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын бақылауда ұстап, қосымша хабарлап, мәлімдейтін болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх