Қоғам

Нұр-Сұлтанды әлемдегі 50 үздік туристік қала қатарына енгізу жоспарлануда

10 қазан, 12:4046
фото  авторы Сұлтан Сейітов фото авторы Сұлтан Сейітов

Саммитті ашқан ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин туризм индустриясы жаһандық дамудағы басты сала болып табылатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Бүгінгі саммит осы саланың дамуына жақсы серпін береді. Туризм жалпы ішкі өнімнің 10 пайызын, жалпы индустрияның 5 пайызын құрап отыр. Осының барлығына қарамастан жаһандық нарықта туризм индустриясы өте қарқынды дамып келе жатыр. UNWTO-ның есебі бойынша туризм индустриясының өсуі кейінгі 10 жылда жоғары қарқын алып келеді. Сондай-ақ, туризм индустриясы жаһандық күн тәртібі үшін де өте маңызды болып табылады», - деді А.Мамин.

Сондай-ақ, Премьер-Министр соңғы 10 жылда туристердің саны ұлғайғанын атап өтті.

«Ақылды қала» жүйесі әлем елдерінің экономикасы мен туризмді дамытып жатқан елдер үшін өте маңызды. Оған дәлел кейінгі жылдары туризмнің қалалардың тұрақты дамуына өз әсерін тигізіп жатқанын көріп отырмыз. Осы орайда бізде де мақсат-міндет бар, яғни туристік әлеуетімізді одан әрі дамытатын боламыз. Бұл тұрғыда біз арнайы стратегияны да әзірледік. Ол 2019-2025 жылдарға шақталған. Ол бағдарламаға сәйкес, жалпы ішкі өнімге шаққанда туризм саласын дамыту. Туризм өзінің ерекше үлесін экономиканың дамуына үлес қосуы қажет деген ойдамын. Бұл саланы қаржыландыру да өте маңызды. Себебі бұл салада өте үлкен бәсекелестік жүріп жатқанына куә болып отырмыз», - деді ол.  

Одан бөлек, Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласының әлемдік бәсекеге қабілетті, тартымды 50 қаланың құрамына кіргізу жоспарының барын тілге тиек етті.

«Бағдарламаға сәйкес, ЖІӨ-дегі туризм үлесін арттырғымыз келеді.Туризмді дамыту үшін мемлекеттік сектордан да, жеке сектордан да қаржыландыру қажет. Нұр-Сұлтан қаласының ең үздік 50 тартымды туристік бағыттың қатарына енуін қалаймыз. Оған түрлі кедергілердің бар екенін білеміз. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласын туризмді дамытудағы негізгі қала ретінде бекіткіміз келеді», - деді Үкімет басшысы.

Бұдан бұрын Премьер-Министр елорданың Қазақстандағы ақылды технологияларды дамытудағы басты көрсеткіш болып отырғанын айтқан болатын.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх