Қоғам, Тұрғын үй алаптары

Нұр-Сұлтандағы экоайлық: 283 бейберекет қоқыс алаңы жойылды

11 қазан, 17:13362

Елордада өтіп жатқан экологиялық айлық аясында қаладағы 283 бейберекет қоқыс алаңы жойылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Алматы ауданы

Сонымен Алматы ауданы бойынша «Нұрлы жол» вокзалы мен Туберкулез диспансерінің маңындағы, Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас жолының бойындағы және «Интернациональный» мен «Күйгенжар» тұрғын алаптарындағы, сол сияқты Байтұрсынов пен Нәжімеденов көшелерінің маңындағы саяжай массивтеріндегі бейберекет қоқыс алаңдары жойылды. 3 тиегіш және 8 самосвал техникалары жұмылдырылып, барлығы 352 тонна қоқыс қала сыртына шығарылды. 

Жалпы, экологиялық айлық аясында тазалық жұмыстарына күн сайын 150-ден аса қызмет көрсетуші ұйым мен олардың 500-ден аса жұмысшысы атсалысып жатыр.

Сенбіліктерде 15 тұрғын үйдің кіреберістеріне жөндеу жүргізіліп, 35 үйдің турникеті сырланды. Сонымен қатар 50 аулаға сырлау және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тағы 45 ауладағы бордюрлері әктеліп, 45 үйдің сыртқы қабырғасындағы қасбеттері қалпына келтіріліп, артық жазулар тазартылды.

Есіл ауданы

Есіл ауданындағы рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарынан қала сыртына 70 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстары «Нұра-Есіл» арнасының аумағында, Талдыкөз өзен маңайында, «Хан шатыр» СОО маңындағы саяжай алқабында, Мұхамедханов көшесі мен Қорғалжын тас жолының бойында жүргізілді. Бұл жұмысқа 6 тиегіш пен 12 самосвал техникасы тартылды. 

Экоайлық аясында аудан әкімдігі өткізген сенбіліктерге 11 мың адам қатысып, 390 ұйым мен мекеме үлес қосты. Саябақтар мен гүлбақтарда жалпы 1 700 000 шаршы метр көлеміндегі аумақ тазартылды. Қала сыртындағы полигонға 195 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Сарыарқа ауданы

Сол сияқты Сарыарқа ауданында 53 бейберекет қоқыс алаңы жойылып, қала сыртына шығарылған қоқыс көлемі 1067,9 тоннаны құрады. Айта кетсек, Мәскеу көшесі, 12/1 мекенжайы мен «Көктал – 1», «Көктал – 2» және «Агрогородок» тұрғын алаптары және ет комбинаты аумағы, Есіл өзенінің Қарттар үйі жағындағы жағалауы, «Жасыл роща» саяжай қоғамы маңы қоқыстан тазартылды. 

Айлық кезінде өткізілген 3 сенбілікке барлығы 1086 ұйым мен мекеме атсалысып, 17921 адам қатысты. 35 саябақ пен гүлбақ, 188 646 шаршы метр аумақ тазартылды. Оған 190 техника бірлігі тартылды.

Байқоңыр ауданы

Байқоңыр ауданында бейберекет тасталған 37 орын қоқыстан тазартылды. Мәселен, тазалық жұмыстары Алаш тас жолы мен 101 көшесінде, солтүстік айналма жолы, ЖЭО-2, ЖЭО-3 аумағында жүргізілді. 

 

4 тиегіш және 8 самосвал техникалы мен 4 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Полигонға 200 тонна қоқыс шығарылды. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх