• USD 380.4
  • EUR 425

Қылмыс және оқиғалар

Нұр-Сұлтанда заңсыз квадрокоптер ұшырған күдіктілер ұсталды

03 сәуiр, 11:4896
Автор: Elorda Aqparat
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі нысандарының үстінен пилотсыз ұшатын аппараттардың ұшу жағдайлары көбейіп отыр, деп хабарлайды Елорда Инфо аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Министрліктің хабарлауынша, әскери полиция қызметкерлері министрлік ғимаратының үстінде заңсыз ұшып жүрген квадрокоптерді анықтады.

«Үстіміздегі жылдың 31 наурызы күні Астана қаласында Әскери полиция отрядының әскери қызмекшілері ҚР Қорғаныс министрлігі нысанының үстінен пилотсыз ұшатын аппараттың - квадрокоптердің ұшып жүргенін анықтады. Соңғы уақытта министрлік нысандарының үстінен пилотсыз ұшатын аппараттардың ұшу жағдайлары көбеюде, дегенмен заңсыз оқиғалар уақытында анықталуда», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай ол үшін жеке тұлғаларға 10 АЕК, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

«Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі әскери нысандардың үстінен БПЛА-ның (квадрокоптер) ұшуы - «ҚР әуе кеңістігін қолдану және авиация қызметі туралы» заңының 31 және 33баптарына қайшы келетінін ескертеді. Аталған нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тартылады. Жедел әрекет тобы осы оқиғаға қатысты екі азаматты ұстап, қалалық Полиция департаментіне тапсырды», - деп хабарлайды министрлік.

Айта кетсек, квадрокоптерді қолдану тәртібі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланған.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх