• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Нұр-Сұлтанда туризм саласына мамандар даярлайтын жоғары оқу орны ашылады

31 шiлде, 11:2997
Автор: Elorda Aqparat
Фото mks.gov.kz сайтынан Фото mks.gov.kz сайтынан

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен қаладағы мәдениет пен спорт саласын бірге қолдау мақсатында екі жақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Кездесу барысында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын дамытуға арналған Меморандумға қол қойылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты бұл музей-қорық 2018 жылы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №150 қаулысына сәйкес құрылған болатын.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілік-басқару орталығы ғана емес, туристер үшін де тарихи-мәдени құндылықтарға толы аймақ болуы керек», - деп атап өтті Ақтоты Райымқұлова.   

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын инфрақұрылымдық тұрғыдан дамыту қажеттігін ескеріп, қала басшысымен төмендегідей келісімдер жасалды.

Атап айтқанда, 2020 жылы «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы аумағында орналасатын нысандар, оның ішінде сапар орталығы мен археологиялық парктің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспары жасалатын болады. 

Нысанға инженерлік желілерін тарту, Үркер шағын ауданынан Бозоқ қорығына дейін баратын жолды жөндеу қолға алынады.

Тағы бір айта кетерлік жаңалық - Орталық Азияда баламасы жоқ туризм саласына мамандар даярлайтын жоғары оқу орны алдағы уақытта пайдалануға беріледі.

Осы күнге дейін Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігіндегі Туризм колледжі республикалық мәртебеге ие болып, Туризм және меймандостық университетімен бірігіп, мамандар даярлайды. Жастар жылы аясындағы министрдің ұсынысын қала әкімі Алтай Көлгінов те қуана қолдады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх