• USD 380.8
  • EUR 430

Қылмыс және оқиғалар

Нұр-Сұлтанда шіркеуден ақша ұрлаған күдікті ұсталды

26 наурыз, 15:11131
Автор: Elorda Aqparat
ашық интернет көзінен алынды ашық интернет көзінен алынды

Шіркеу сейфінен ақшаны қолды қылған күдікті көп ұзамай құрықталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдейді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Астаналық полиция қызметкерлері шіркеу сейфінен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады. Ұрлықшы бейнебақылау көмегімен үй аулаларының бірінен қолға түсті. 29 жасар Ақмола облысының тұрғыны бұрын істі болған», - делінген департамент хабарламасында.

Тексеру барысында анықталғандай ер адам ұрлықты түндетеліп, шіркеу есігін сындырып кіріп сейфтегі ақшаны қолды қылған.

«Күдікті өз ісін мойындады және сейф ақшасымен бірге кері қайтарылды», - деп мәлімдейді ПД.

Күдікті Астана қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды және ҚР ҚК 188 (ұрлық жасау) бабына сәйкес сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың бұрын жасалған басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Осыған байланысты аталған адамның қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Астана қаласының полиция департаментіне Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайына немесе 8 (7172) 71-60-24, 71-60-69, 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.

 



 Подпишись в Telegram Еlorda Aqparat 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх