• USD 385
  • EUR 434

Спорт

Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты өтеді 

16 сәуiр, 10:04368
Суретті түсірген Сұлтан Сейітов Суретті түсірген Сұлтан Сейітов

Нұр-Сұлтанда 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында шайбалы хоккейден бірінші дивизионның А тобындағы ерлер командасының әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Біздің елімізде хоккейден мұндай ірі деңгейдегі турнир алғаш рет өткелі тұр.

Элиталық дивизион жолдамасына алты мемлекет таласады. Олардың қатарында Қазақстан, Беларусь, Оңтүстік Корея, Словения, Венгрия мен Литва бар. Чемпионат кездесулері бір айналымда аяқталады.

Біріншілік қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған екі команда жоғарғы дивизионға жолдама алып, 2020 жылы Швейцарияда өтетін әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін иеленеді. Кездесулер «Барыс Арена» мұз айдынында өтеді.   

Айта кетейік, шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 29 сәуір пен 5 мамыр аралығында өтеді. 

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх