Спорт

Нұр-Сұлтанда садақ атудан турнир аяқталды

10 қазан, 10:2227
Автор: Elorda Aqparat
фото ethnosport.kz сайтынан алынды фото ethnosport.kz сайтынан алынды

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алатау» спорт кешенінде республикалық «Садақ ату» федерациясының ұйымдастыруымен ерлер мен қыздар арасындағы ашық турнир ұйымдастырылды. Бұл туралы Елорда Инфо Қазақстан Ұлттық спорт қауымдастығына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жуырда ғана құрылған республикалық «Садақ ату» федерациясының ұйымдастыруымен дәстүрлі садақты тұрып  атудан  өткен екінші жарыс. Мергендік сайысқа елордалықтардан басқа Қарағанды қаласындағы «Қайрат» ұлттық спорт мектебінің оннан астам талапты жастары және мажарстандық әуесқой мерген Фереш Мадияр қатысып, жарыс көрігін қыздырды.

Бәсекеде бақ сынаған отыздан астам қатысушы нысананы үш топқа бөлініп атты. Біріншісі, садақ атуды жаңадан бастаған қыздар мен ерлер аралас топ нысананы 15 және 20 метр қашықтықтан көздесе, садақ атуды  бұрыннан меңгерген тек қыздардан құрылған топ пен ерлер тобы нысананы  20-25 метрден атып, мергендік шеберліктерін байқасты.

Нұр-Сұлтан қалалық ІІ ашық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Алғашқы дайындық тобы:

1 орын – Б.Балтабаев (Нұр-Сұлтан қаласы)

2 орын – Н.Черников (Қарағанды қаласы)

3 орын – В.Резниченко (Қарағанды қаласы)

4 орын – Т.Самарканов (Нұр-Сұлтан қаласы)

Қыздар тобы:

1 орын – А.Тарыца (Нұр-Сұлтан қаласы)

2 орын – Ю.Ни (Қарағанды қаласы)

3 орын – К.Мазиева (Қарағанды қаласы)

4 орын – Г.Бурлаченко (Қарағанды қаласы)

Ерлер тобы:

1 орын – С.Сүлейменов (Нұр-Сұлтан қаласы)

2 орын – А.Нұртаев (Нұр-Сұлтан қаласы)

3 орын – Д.Ахметов (Нұр-Сұлтан қаласы)

4 орын – Е.Тапенов (Нұр-Сұлтан қаласы)

 

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх