• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Нұр-Сұлтанда Қорғас қаласы туризмінің таныстырылымы өтті

11 шiлде, 15:08105

Нұр-Сұлтан қаласында Қытайдың Қорғас (Хоргос) қаласының туристік  таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту, туристік ресурстардың қарқынын арттыру, отандық туристік жобаларды ынталандыру және екі елдің туристік компаниялары арасындағы байланыстарды, ынтымақтастықты арттыру мақсатында өткізілген бұл шараға Kazakh Tourism ұлттық компаниясының, Қорғас қаласының Мәдениет, туризм басқармасының басшылары және Нұр-Сұлтан қаласы туристік компаниясының өкілдері қатысты.

Шарада Kazakh Tourism ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев екі ел туризмін дамтудың маңыздылығына тоқталды.

«Қытайда туризм шаруашылығы едәуір дамыған. Турист те көп. Бұл біздің ел үшін үлкен мүмкіндік. Қазақстанның туризмін жандандыру үшін біз осы мүмкіндікті ұтымды пайдаланумыз керек. Екі ел туризмін дамытудың жоба-жоспарлары жасалып жатыр. Әрине Қазақстанның туристік орындарындағы инфрақұрлымдар әлі де кемелдендірілсе, Қытайдың туристік әлеуеті біздің елдің туризмінің жандануына да тың серпін береді деп ойлаймын», - деді Т.Дүйсенғалиев.

Кездесу қорытындысы бойынша трансшекаралық туристік маршруттарды дамыту негізі болатын келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ туризм шаруашылығын жандандыру үшін алдағы уақытта трансшекаралық туризмді дамыту, инвестициялар тарту, мәдени іс-шараларды көптеп өткізу мәселелері көтерілді. Туристік қызметтердің сапасын арттырудың әдіс-амалдары да айтылды.

Қытайдың Іле қазақ автономиялы облысының батысында орналасқан Қорғас қаласы Қазақстанмен шекаралас аудандардың бірі. Қазақстан мен Қытайдың арасындағы сауда саласын, туризмін дамытуда маңызды дәлізге айналған «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы да осы ауданның аумағына орналасқан. Қытай тарапы Қазақстанмен сауда және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін соңғы жылдары бұл ауданның инфрақұрлымын кемелдендіруге баса назар аударуда.

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх