Мәдениет

Нұр-Сұлтанда балалардың патриоттық әндер фестивалі өтеді

06 қараша, 22:5790
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі Дереккөз: «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

10 қараша күні  Қазақстан халқы Ассамблеясы Нұр-Сұлтан қаласы хатшылығы «Жастар жылы» аясында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Алтын күн» атты балалардың  II патриоттық әндер  фестивалін ұйымдастырады, деп хабарлайды Елорда Инфо

Фестиваль жеке тұлғаның тәрбиесін және азаматтық қасиеттерін дамытуға, туған елдің тарихи және мәдени оқиғаларына қызығушылықты қалыптастыруға, дарынды балаларды анықтауға және қолдауға, олардың шығармашылық қабілеттерін іске асыруға, сондай-ақ патриоттық ән жанрын насихаттауға ықпал ету мақсатында өтеді. 

Балалар фестивалі бағдарламасында Отан, елорда, туған жер туралы әндер шырқалатын болады.

Фестивалге этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздар ұжымы, жалпы білім беру мекемелеріндегі оқушылар, ансамбльдер, сондай-ақ 6-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысады.

Қазылар алқасы балалар байқауын үш аталым бойынша, яғни 6 жастан 10 жасқа дейінгі «Үздік орындаушы», 10 жастан 13 жасқа дейінгі «Үздік орындаушы», 14 жастан 16 жасқа дейінгі «Үздік орындаушы» аталымдары бойынша бағалайды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх