• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Нұр-Сұлтанда 13 мыңнан астам ағаш отырғызылады

18 сәуiр, 13:05291
Автор: Elorda Aqparat
Сурет Б.Сұлтановтың Facebook парақшасынан Сурет Б.Сұлтановтың Facebook парақшасынан

Бақыт Сұлтанов осы аптада 3 мыңға жуық тал отырғызылатындығын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Таңертең қаланы аралап шықтым. Ауа райының салқындауына қарамастан елордамызды реттеу жұмыстары тоқтап жатқан жоқ. Осы көктемде Нұр-Сұлтанда 13 мыңнан астам ағаш отырғызылады деген жоспарымыз бар. Қазірден бастап коммуналдық қызмет өкілдері көшет отырғызуға жерді дайындауда», - деп жазды Бақыт Сұлтанов Фейсбук парақшасында. 

Сонымен қатар, қала тұрғындарының ерекше белсенділік танытып, ағаш егетін орын сұрап жатқандығын атап өтті. Тұрғындар өздерінің қолдарымен кішігірім саябақ жасамақ. 

«Ол үшін аудан әкімдеріне тапсырма бердім, тұрғындарға қажетті көмекті береді. Барлықтарыңызды 20-21 сәуір күні өтетін жалпықалалық сенбілікке шақырамын. Тек осы сенбі-жексенбі күндері қалада 3 мыңға жуық тал отырғызылады. Егер осы аптада үлгермесеңіздер, 11 мамыр күні өткізілетін келесі сенбілікке қатысуларыңызға болады», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх