Қоғам

Нұр-Сұлтанда 12 қазан күнi сенбiлiк ɵтедi

05 қазан, 16:3490
Автор: Elorda Aqparat

Ел астанасында 12 қазан күні жаппай ағаш отырғызылады. Бұл туралы Елорда Инфо аудан əкiмi Асқар Есiловтiң Facebook парақшасына сiлтеме жасап хабарлайды.

«Менің ұжымым. Тату-тәтті. Ауыз бірлігі жарасқан. Әрбір күзгі сенбілік күн біз үшін сауабы мол – сүйікті қаламызды көгалдандыру дәстүріне айналғаны рас. Өткен сенбіде Кенесары көшесінде ұжым болып жасыл желектерді отырғызған едік, бүгінде Е.Брусиловский көшесінде 56 қарағай отырғыздық», ­­- дедi ол.

Ол Байқоңыр ауданының алдағы жоспары туралы түсiндiрiп ɵттi.

«Келесі аптада А.Пушкин көшесінің бойында жұпаргүл отырғызатын боламыз. Осындай сенбіліктерге қызметкерлердiң балаларымен келгенi ұнайды. Өйткені кішкентай кезінен бастап, балалар еңбекке жақын болып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімі қалыптасатын болады. 12 қазан күні жаппай ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан да барлық тұрғынды шақырамын! Отбасыларыңызбен және керемет көңіл-күймен келсеңіздер, жақсы болар еді!» - деп тоқталды аудан əкiмi.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх