Мәдениет

Нұр-Сұлтан қаласының үздік ұстаздары ұлықталды

02 қазан, 17:48284
Фото авторы Василий Крась/Elorda Aqparat Фото авторы Василий Крась/Elorda Aqparat

Бүгін М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында білім мен тәрбие саласында көрсеткен жоғары жетістіктері үшін елорданың үздік ұстаздарына арналған мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Шара барысында елорданың 200-ден аса мұғалімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталады. 

Фото авторы Василий Крась/Elorda AqparatФото авторы Василий Крась/Elorda Aqparat

Айта кетсек, астанадағы үздік мұғалімдер мен педагогика саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздардың есімі «Елордалық білімнің алтын қоры» атты кітапқа енетін болды.

Фото авторы Василий Крась/Elorda AqparatФото авторы Василий Крась/Elorda Aqparat

Аталған салтанатты шара ҚР еңбегі сіңген қайраткері Ардақ Балажанова мен саксафоншы Ержан Дүйсенбин, Қазақ Ұлттық хореография академиясы әртістерінің, М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының балалар шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасына ұласты.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх