Билiк және саясат

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен АХҚО инвестицияларды бірлесе тартатын болады

18 қыркүйек, 21:5467
Автор: Elorda Aqparat
Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен АХҚО инвестицияларды бірлесе тарту жөнінде келісті, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Нұр-Сұлтан әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастықтың алдағы уақыттағы басым бағыттары анықтады. Олар – елорданың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвесторлармен бірлесіп жұмыс істеу, халықаралық көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету, "Ақылды қала" жобасын одан әрі дамыту.

Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметіненФото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен

Қайрат Келімбетов АХҚО елордада бизнесті дамытуға және іскерлік белсенділікті арттыру бойынша жағдай жасап, жан-жақты жұмыстанатынын атап өтті. 

АХҚО-да барлық жағдайлар жасалған, оның құқықтық мәртебесі Конституциялық заңмен бекітілген. Сондай-ақ АХҚО-ның қатысушыларына 50 жылға дейінгі жеңілдіктер, жеңілдетілген валюталық, визалық және еңбек режимдері ұсынылды. Сонымен қатарқаржы орталығында шетелдік және отандық инвесторларға халықаралық стандарттар технологияларын ұсынатын АХҚО-AIX биржасы жұмыс істейді.

Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметіненФото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен

Тараптар инвестицияларды тарту саласындағы үздік әлемдік тәжірибені бірлесіп зерделеп, енгізу туралы келісімге келді. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх