• USD 385
  • EUR 434

Сайлау-2019

Нұр-Сұлтан 68,9 пайызбен қалалар арасында көш бастады

09 маусым, 22:49173

Елорда қалалар арасында 68,9 пайызбен көш бастады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Оның айтуынша, кешкі сағат 22.00-дегі ахуал бойынша, сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 77,4 пайызы дауыс берген. Республикалық  маңызы бар қалалардың ішінен Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Мәселен, елордалықтардың 68,9 пайызы, шымкенттіктердің 67,6 пайызы, алматылықтардың 52,2 пайызы дауыс беретін бюллетеньдерді алып, өз таңдауын жасаған.

Сағат 20.00-де дауыс беру аяқталды. Дауыстарды санау дауыс беру рәсімі аяқталғаннан бастап 12 сағат ішінде жүргізіледі. Ал аймақтар бойынша дауыс беруде Алматы облысының тұрғындары аса белсенділік танытқан. Олар 89,0 пайыз дауыс берген. Одан кейінгі орында Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облысы – 84,9 пайыз, үшінші орында 84,8 пайызбен Түркістан облысы орналасқан.

Орталық сайлау комиссиясы дауыс санау қорытындыларын ертең, яғни, 10 маусым күні жария ететін болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх