• USD 379.8
  • EUR 431.7

Қоғам

Назарбаев Сириядағы тұтқыннан босатылған 47 қазақстандық туралы айтты

09 қаңтар, 15:48252
Автор: Elorda Aqparat

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо Ақордаға сілтеме жасап.

​«Менің тікелей тапсырмам бойынша 6 қаңтарда біздің құқық қорғау және басқа, соның ішінде Сыртқы істер министрлігімен бірге үлкен гуманитарлық операция өзінің нәтижесін берді. Сириядан Қазақстанның 47 азаматы, оның ішінде әйелдер де бар, әсіресе айта кетерлігі 30 бала бар. Біздің құзырлы органдарымыз бұрын-соңды атқармаған үлкен жұмысты атқарды. Олардың барлығы да террористердің бақылауында болған. Әр жағдайлармен алданып, уақтысында дағдарыс болып жатқан Сирияға оларды алып кеткен. Ол жөнінде айтқанбыз. Біраз адамдар олардың айтқанына алданып, сол жақта көпшілігі соғыстың арасында қайтыс болды. Мына адамдарды біз мемлекет ретінде бізге қолдау көрсетіп достық қарым-қатынасы бар мемлекеттің көмегімен Қазақстанның ұшағымен алып келдік», - делінген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың видеоүндеуде.

Елбасы, елге оралған отандастарымыздың бір ай бойы бейімдеу орталығында болып, қажетті медициналық көмекті алатынын атап өтті.

«Ол кісілер өзіміздің жағдайда үйрену үшін медициналық бақылаудан өтуге бір ай қалатын болады. Оған біз көмек көрсетеміз. Тағдыр тауқыметін тартқан әйелдер мен балалардың қуанышында шек жоқ. Олардың көз жасын көрдік. Сондықтан, осы жағдай басқа жұртқа тиісті мәлімет береді және болашақта мұндайдың болмауына жағдай жасайды. Келген адамдар көрген қиыншылықтары мен зардабын кейін өздері айта жатар. Қазақстан өз азаматтарын қай жерде жүрсе де қолдайтынын көрсетіп отырмыз. Еліміздің қауіпсіздігін, береке-бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеті. Қақтығыс аймағында еріксіз жүргендерді, әсіресе балаларды қайтару бойынша жұмыстарды біз жалғастыра беретін боламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




Наверх