• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

№9 автобуста болған жанжал: Жолаушының бірі ер адамның бетіне бұрыш бүріккішін шашып жіберген

16 тамыз, 10:211795
Автор: Elorda Aqparat
Фото Elorda aqparat мұрағатынан Фото Elorda aqparat мұрағатынан

Елордалық тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 33 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Қазір бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 15 тамыз күні күні сағат 10.00 шамасында №9 қоғамдық көлігінде екі жолаушы арасында жанжал шығады. Автобустың шыға берісінде жолаушының бірі ер адамның бетіне бұрыш бүріккішін шашып жіберген. Жанжал одан әрі қоғамдық аялдамада да жалғасқан.

Бұл ерегесушілердің бұзақылық әрекеті туралы 30 жастағы тұрғын полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары 33 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх