Өңірлер жаңалығы

Мұнайлы ауданының тұрғындары жергілікке билікке сансыз сауалмен жүгінді

09 қазан, 21:5124
Автор: Elorda Aqparat

Бүгін «Nur Отаn» партиясының Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының филиалында қоғамдық қабылдау өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап. 

Мұнайлы ауданының әкімі Р.Елтизаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары С.Қаныбеков және «Нұр Отан» партиясының Мұнайлы ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Камалов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Шараға сонымен қатар «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері де қатысты.

Қабылдауда болған 15 азамат жергілікті атқарушы билікке түрлі мәселелерін сөз етті. Оларды мазалаған мәселенің басым көпшілігі – баспана. Енді бірі жер мәселесін көтерді. Сонымен қатар қаржылай қолдау күтіп, жұмыс сұрағанлар да болды.

Ал Баянды ауылының бір топ тұрғыны тұрғылықты жері бойынша газ тартып беру мәселесін көтерді.

Сонымен қатар Г.Бухарбаева деген азаматша өзіне аманатқа қалдырылған ұлты қарақалпақ, Өзбекстан азаматы болып саналатын 22 жастағы құжатсыз азаматтың даулы мәселесін шешуге қол ұшын беруді сұрады.

Қабылдау барысында барлық арыз-шағымдар мұқият тыңдалып, заң тұрғысында ақыл-кеңестер берілді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх