• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Мұнай өндiру келесi жылы 90 млн тоннаға артады

27 тамыз, 15:0855
Фото sk.kz Фото sk.kz

Бүгiн Үкiмет отырысында Руслан Дəленов мұнай ɵндiру кɵлемi туралы түсiндiрiп бердi, деп хабарлайды Елорда Инфо тiлшiсi.

«Мұнай өндіру көлемі 2020 жылы 90 миллион тоннаға, 2024 жылы 100 миллион тоннаға дейін өседi. Өндірудің өсуі Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарын кеңейту, сондай-ақ теңіздегі кен орындарын пайдалануға беру есебінен болады. Номиналды жалпы ішкі өнім 2020 жылы 75 триллион теңгені, ал 2024 жылы 106 триллион теңгені құрайды», - дейдi министр.

Ол жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2020 жылы 10,5 мың долларды құрайтын болса, 2024 жылы ол 14,3 мың долларға дейін ұлғаятынын жеткiздi. Бұдан бɵлек, 2020-2021 жылдары инфляцияның жылдық нысаналы дәлізі 4,0-6,0% деңгейінде сақталатынын, ал 2022-2024 жылдары ол 3,0-5% шегінде болатынын қозғап ɵттi.

Сонымен қатар, жұмыссыздық 2024 жылы 4,7% дейін төмендейді.

«Макроэкономикалық болжамның негізінде 2020-2022 жылдарға арналған бюджет параметрлері мен Ұлттық қордың болжамы әзірленді. Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді қоспағанда) 2020 жылы 8 трлн теңге сомасында, 2021 жылы – 8,6 трлн теңге, 2022 жылы – 9,4 трлн теңге сомасында болжанады. Бюджет тапшылығын 2020 жылы жалпы ішкі өнімнің 2,1%, кейіннен 2021 жылы – 1,5% дейін және 2022 жылы – 1,0% дейін төмендетілген мөлшерінде белгілеу ұсынылады», - дедi Руслан Дəленов.

Ұлттық экономика министрiнiң айтуынша, мұнайлық емес тапшылық 2020 жылы жалпы ішкі өнімнің 7% дейін (2019 жылы жалпы ішкі өнімнің 8,5%), кейіннен 2022 жылы – 5,1% дейін төмендейді.

«Осы параметрлерді есепке ала отырып, республикалық бюджеттің шығыстары 2020 жылы 12,7 трлн теңге, 2021 жылы 13,2 трлн теңге, 2022 жылы – 13,6 трлн теңге көлемінде белгіленді», - деп қорытты Ұлттық экономика министрi.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх